Ваш регион, ?

Кепілдік міндеттемелері

Тұтынушы сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттары мен ережелерін орындаған кезде дайындаушы өнім сапасының пайдалану бойынша нұсқаулықтың «Техникалық сипаттамалар» бөлімінің талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.

Пайдаланудың кепілдік мерзімі пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген.

Кепілдік мерзімі ішінде кепілдік талоны көрсетілген кезде дайындаушы-кәсіпорын өнімді және оның құрамдас бөліктерін тегін жөндейді.

Кепілдік шарттары

Кепілдік талоны дұрыс толтырылуы тиіс, бұйымның зауыттық нөмірі, сатылған күні көрсетілуі тиіс және сатқан ұйымның мөрі қойылуы тиіс.

Кепілдік мынадай жағдайларға таралмайды:

  • өнімде бөгде араласу іздері бар немесе уәкілетті емес сервистік орталықта жөндеуге талпыныс жасалған;
  • бұйымның құрылымы немесе схемасы рұқсат етілмей өзгертілгені анықталған;
  • өнімнің механикалық зақымдары бар;
  • ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар түсуінің салдарынан өнім зақымдалған;
  • қуаттандыру желісінің параметрлері Мемлекеттік стандарттардың параметрлеріне сәйкес келмеуінің кесірінен өнім зақымдалған.

Электрлік схемаларды, сипаттамасын және басқа техникалық құжаттаманы дайындаушы уәкілетті сервистік орталықтардың сауалы бойынша жолдайды.

Пайдалану аяқталғаннан кейін бұйым СанЕжН 2.1.7.2790-10 құжатында «Б» класты қалдықтар үшін қарастырылған ережелер бойынша кәдеге жаратылады.

Ақаулы медициналық аппараттарды тізімі төменде келтірілген сервистік орталықтарда жөндеуге болады.

Бұйымның сапасы және сервистік қызмет көрсету бойынша сұрақтарды күндіз-түнгі тегін жедел желінің 8 800 080-40-40 телефон нөмірі, 8 (7142) 54-59-87 (ішкі 104) телефон нөмірі бойына немесе sharipova@elamed.com электрондық поштасы бойынша қоюға болады.

РФ аумағында ЕЛАМЕД өнімдеріне кепілдік қызмет көрсететін сервистік орталықтар.